931

Қазан айының 21 жұлдызы күні колледж мәжіліс залында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиында алғаш сөз алған колледж директоры Көктем Ақарысұлы 1 курс студенттерінің ата-аналарына колледж ұжымын таныстырды. Оқу бағыттарына қарай түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шараға арнайы келген “Сенімен Болашақ” Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының басшысы Шәкизат Қаратайұлы бірлестіктің мақсаты мен жоспары туралы ақпарат берді.
Сонымен қоса, колледж психологы Жайдары Байсалова студенттермен жұмыс жасау бағытын түсіндірсе, тәрбие және көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің әдіскері Айжан Адамбаева ішкі тәртіп ережесімен таныстырды.
100-ден аса ата-аналар қатысқан жиын соңы ата-аналардың сұрақтарына жауап алуымен аяқталды.

 

932

933

934