957Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттің бірі жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы орайда, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Мамбетов Еркін және Ювеналды полиция инспекторы Молдахожаева Айнур колледж студенттеріне топтық төбелес, бопсалау, ұйымдасқан қылмыстың алдын алу мақсатында дәріс оқыды. Сонымен қатар, жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын қылмыстар мен оларға тағайындалатын жазалар туралы да мәліметтер айтылды. Сала мамандары студенттерді қылмыстық әрекеттерді жасудан аулақ болуға шақырды.

956