035Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған “Көшбасшылық-қауымдастықтарға” тақырыбында кездесу өтті.

Шарада ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының дәрігер-эпидемиологы Гүлсім Жұмабекова түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Дәріс оқушы маман өз сөзінде «Облысымызда соңғы 10 ай ішінде АИТВ-инфекциясы 42 адамнан анықталғанын айтып, алдағы уақытта мамандар тарапынан аурудың алдын алу мақсатында осындай іс-шараларды жиі ұйымдастыратынын» – жеткізді.

Студенттерге, жастарға аурудан сақтану жолдары туралы қысқаша жазылған ақпараттық парақшалар таратып, кез-келген азамат АИТВ-инфекциясын анықтау бойынша экспресс-тестіден өту мүмкіндігі бар екендігін ескертті.

 

036

037