50Қызылорда көпсалалы гуманитарлық – техникалық колледжінде дәстүрлі 17-қараша – Халықаралық Студенттер күніне орай 1-курстарды студент қатарына қабылдау мерекесі 2016 жылдың 17-қарашасы күні сағат 17.00-де «Жігер» мейрамханасында салтанатты түрде атап өтілді.

Іс-шараның негізгі қатысушылары 1-курс оқушылары және 2,3, 4-курстың белсенді студенттері. Бағдарлама концерттік номерлермен, директорат құрамының құттықтау сөздерімен басталып, белсенді оқушыларды директор атынан марапаттауымен, 1-курстарға сынақ кітапшасын салтанатты түрде табыстауымен, білім кілтінің 2-курстан 1-курс белсенді, озат оқушысына ант қабылдап берілуі, фуршет, жастар биімен аяқталады. Іс-шараға кіру, қатысу құны 1500 теңге.

Салтанатты іс-шараға «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының қалалық филиалының төрағасы Т.Тілес және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Алдабергенов, «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының директоры Ж.Тұсмағанбетовтер арнайы шақырылып, облысымыздағы жастар саясатын жүргізудегі елеулі белсенділіктері үшін бірқатар студенттерді алғысхатпен марапаттады.

51

52

54

55