66Облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының және облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде  «Жастар мен жасөспірімдер арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының теолог маманы Шәрібай Тобжанов және ОІІД-ң жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Абдразақова Раушан Есенжолқызы қатысып, еліміздің көп ұлттың отаны бола білген зайырлы мемлекет болғандықтан діни ахуал басты назарда екендігін, діни сауаттылығын арттыру аясында атқарылған жұмыстар туралы айтып, дәстүрлі емес діни ағымдарды болдырмау мақсатында нақты шаралар атқаруымыз қажеттігін, діни экстремизм мен терроризмге қарсы профилактикалық жұмыстардың тиімді тәсілдерін пайдалана отырып, жан-жақты насихаттық жұмыстарын жүргізуіміз керектігін тілге тиек етіп, бұл жолда барлығы бірлесіп әрекет етуі тиіс екендігін айтып өтті.

65

64

63