Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде 2016 жылдың 4-мамыр күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толу мерекесіне арналған салтанатты мерекелік құттықтау кеші өткізілді. 

Қазақстан Қарулы Күштері бүгінгі күні тәуелсіздігімізге тірек бола алатын айбынды армияға айналды. 25 жылдық мерейтойда колледж ұжымының қыз-келіншектері жігіттер қауымын мерекемен арнайы құттықтап, бейбіт аспан астында ұзақ та бақытты өмір сүрулеріне тілектестік білдіріп, концерттік бағдарлама ұсынды.

Концерттік бағдарламада ұжымның әрбір ер азаматына арналған жыр шумақтары оқылып, алғысхаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

04 02

01 03