Барлық кәсіп иелерін білім нәрімен сусындататын ұстаздық мамандық -  кәсіп атаулының ең қастерлісі екені белгілі. Шәкірт тәрбиелейтін ұстаздар қауымының еңбегі еленетін, ерек­ше қошеметке бөленетін мерекені атап өту – колледжімізде дәстүрге айналған. Ұстаздар мерекесін ұйымдастырған Қызылорда көпсалалы  гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері  ұстаз еңбегінің бағасыз екенін тағы да бір дәлелдей түсті.

05.10.2017 ж. атаулы күнге орайластырылған «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!» атты мерекелік кеш өз мазмұнымен, жа­расымымен өткізілді. Колледж директоры Д.Т.Байниязов оқытушылар құрамына құттықтау лебізін білдіріп, белсенді және өнерлі студенттер өз ұстаздарының алдында өнерлерін паш етіп, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Қадірлі мамандық иелерін құттықтауға киелі білім ордасы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылары келіп, құттықтау тілектерін білдірді.

Мерекелік кеш барысында ұлағатты ұстаздардың еңбектері бағаланып, атаулы мерекеге орай бірқатар ұстаздар облыстық білім басқармасының, облыстық кәсіподақ комитетінің және қала әкімінің, Құрмет грамоталарымен, ал жас мамандар колледж директорының алғыс хаттарымен марапатталды.

30 32
31 33