Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде дәстүрлі 17-қараша – Халықаралық Студенттер күніне орай 1-курстарды студент қатарына қабылдау мерекесі 2017 жылдың 23-қарашасы күні сағат 17.00-де «Жігер» мейрамханасында салтанатты түрде атап өтілді.
Іс-шараның негізгі қатысушылары 1-курс студенттері және 2,3 және 4-курстың белсенді студенттері. Бағдарлама концерттік номерлермен, директорат құрамының құттықтау сөздерімен басталып, белсенді студенттерді директор атынан марапаттауымен, 1-курстарға сынақ кітапшасын салтанатты түрде табыстауымен, білім кілтінің 4-курстан 1-курс белсенді, озат студентіне ант қабылдап берілуі, фуршет, жастар биімен аяқталды.
Салтанатты іс-шараға арнайы қонақтар:
- Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Меңлібаев
- Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Алдабергенов
- Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Ж.Досмаханов
- «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының директоры Ж.Тұсмағанбетов
- Облыстық «Жас Отан»жастар қанаты филиалының төрағасы А.Сабанбаев
- Қалалық «Жас Отан» жастар қанаты филиалының басшысы Т.Тілес
шақырылып, облысымыздағы жастар саясатын жүргізудегі елеулі белсенділіктері үшін бірқатар студенттерді алғысхатпен марапаттады.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |