2018 жылдың 15-наурыз күні қалалық көлемде «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және «Болашақ» Университеті колледжінің ұйымдастыруымен  «Сырдың сұлу студент аруы-2018» арулар байқауы өткізілді. Байқауға Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінен «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» мамандығының 4-курс студенті Гүлзира Омар қатысып, жүлделі 1-орынды жеңіп алды.

Омар Гүлзира бұдан бұрын да колледж абыройын облыстық, қалалық деңгейде асқақтатып жүрген белсенді және өнерлі студенттеріміздің бірі. Айта кететін болсақ, Гүлзира «Бұрымды ару-2015» байқауында 2-орынды иеленсе, «Бұрымды ару-2017» арулар сайысында бас жүлдені қанжығасына байлаған болатын.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 28-наурыз күні ару қызымыз Омар Гүлзира М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткізілген «Қыз-еркем, өнерімен-көркем» атты қалалық байқауға қатысып, бас жүлдеге ие болды.

Осындай жетістіктерге жету жолындағы жасаған еңбектері үшін колледж директоры Омар Гүлзираға алғыс білдіріп, марапаттады. Алдағы уақытта Гүлзираға бұдан да биік белестерді бағындыруға тілек білдірді.

04 09
07 010
06 05
011 08