«Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен 24.09.2018-28.09.2018ж. аралығында «Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» атты апталық өткізілді. Апталық барысында түрлі сайыстар, кітап көрмесі, ашық тәрбие сағаттары, интеллектуалды ойындар, эссе жазу, газет байқауы, ашық сабақтар өткізілді. Апталықтың алғашқы күнін «Тіл достықтың тірегі» тақырыбындағы кітап көрмесі ашса, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге туыңды тік», «Қызылорда қаласына 200 жыл» тақырыптары бойынша газеттер байқауы жалғасын тапты.

Апталықтың екінші күні колледждің 15 жылдық мерейтойына арналған «Мен –өз елімнің патриотымын!» тақырыбындағы жас қаламгер ақындар арасындағы байқау өткізіліп, сайысқа Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік   Университетінен филология ғылымдарының кандидаты, доцент Шанжархан Бекмағанбетұлы және ізбасар сутденттері қатысты. Сондай-ақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен«Менің Қазақстаным -менің болашағым» тақырыбында эссе жазу сайысы өткізілді.

27.09.2018ж.«Үш тұғырлы тіл» атты интеллектуалды сайыс өтті. 5 кезеңнен тұратын бұл сайысқа 1-курс студентері «Знание» және «Достық» командалары болып қатысып, жарыс нәтижесінде«Знание» тобы 1–орынды иеленді.

27.09.2018ж.«Жеке тұлғаның қарым-қатынасын дамыту» тақырыбында 1-курс студенттеріне арналған тренинг өтті.

28.09.2018ж. «Ұшқыр ой мен шешен тіл» тақырыбында интелектуалды сайыс өткізілді.

28.09.2018ж. «Тіл жоғалса, халықта жоғалады» тақырыбында 1-4 курс белсенділері арасында дөңгелек үстел өткізілді.

28.09.2018жБірлестік оқытушыларының ұйымдастыруымен өткен «Тіл –достық құралы »тақырыбындағы апталықтың жабылу салтанатына колледж өнерпаз студенттері концерттік бағдарлама қойды.

16.10.18-8 16.10.18-9