14572018 жылдың 8-қарашасы күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері Қазақстан Республикасының дін салалындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, діни экстремизмнің алдын алуда жастар арасында деструктивті діни ағымдардың теріс идеологияларына қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында облыстық ақпараттық түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен «Жастар тәрбиесі – қоғамның іргетасы» тақырыбында кездесу өткізді.

Аталған тақырыпты ұйымдастырушы Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы мамандары Кеңесбеков Қожахмет және Абдиев Мұхтар колледж студенттеріне рухани жетілудегі салт-дәстүр мен діннің ролін түсіндіріп, рухани құндылықтардың тұлғалық келбетін сипаттап, жастар тәрбиесі – бұл қоғамның іргетасы екендігін айтты. Кездесу соңында студенттер сұрақ қойып, пікір алмастырды.

4578