2162018 жылдың 25-желтоқсан күні кәсіподақ комитетінің жыл сайынғы ұйымдастыруымен «Жарқырап кел, Жаңа жыл!»атты колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Балалар мерекеге көңілді және әдемі әр-түрлі кейіпкерлердің киімдерімен келіп, мерекелік безендірілген шырша, ертегі кейіпкерлерінің көрінісін тамашалады. Балалар олармен ертегіге еніп, қызықты сайыстарға қатысты. Аяз Ата мен Ақшақардың   назарынан тыс қалған бала болған жоқ. Барлығы керемет өнерлерін ортаға салып, сыйлықтарын алып, суретке түсті.

213э216