400«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Азаматтардың бастамаларын қолдау қорының» ұйымдастыруымен «Ақмешіт» колледжі жастары 2019 жылдың 14-20 қазан күндері аралығында «Жақаев ізбасарлары» атты еңбек лагерінде болып қайтты.

Жастар жылы аясында студенттердің бойына отансүйгіштік қасиет сіңіру мен еңбекке баулуды көздейтін бұл шарада шаруа қожалығына экскурсия, алау маңындағы сұхбат, егістік басындағы жұмыс барысы, шеберлік сағаттары, спорттық шаралар, балық аулау сайысы қамтылған. Студенттер еңбек лагерінде атқа мініп, сиыр сауып, ауыл өмірімен танысып, жақсы әсер алып қайтты.

401

408