41017.10.2019 ж. «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің акт залында «Жастар жылы» аясында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 1-курс студенттері арасында дәстүрлі «Үздік топ - 2019» өнер байқауы болып өтті. 

Шара «Ақмешіт» колледжінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Қ.Бисенованың қатысушы студенттерге сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйлеуімен басталып, әрі қарай жүргізушілер сайысы, ән-би байқауы, ерекше жанр сайысы, және мамандық таныстыру байқауына жалғасты.

Байқау барысын тамашалап, қорытындысын шығару үшін әділқазы алқалығына облыстық білім беру орталығынан, А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінен. Жастар ресурстық орталығынан, Жас Отан жастар қанаты облыстық филиалынан және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нен арнайы қонақтар шақырылды.

Нәтижесінде бас жүлдені ЭС-19 және Ф-19 оқу тобы, 1-орында ВТ-19о оқу тобы, 2-орынды «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты, 3-орынды –ТОРА-19о оқу тобы иеленіп, ақшалай сыйлықтар табыс етілді. «Әнге ғашық жүрек». «Талантты жас», «Жүргізуші-шоумен» номинацияларының иегерлеріне ұялы телефондар сыйға берілді. «Би падишалары» және «Үздік маман» ноинацияларына «Үздік топ» тақырыбында арнайы жасалған Ақмешіт торты үлестірілді.

 

409

428

412

409

409

409

409

409

409

409

409

422

409

409

409

409

427