482«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты және «Ақмешіт» колледжі оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтті. Спартакиадада волейбол, теннис, дойбы, баскетбол, футбол және эстафеталық ойындар бойынша 4 команда сайысқа түсіп, бақтарын сынады. Негізгі мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау болып табылатын бұл спартакиадада есептік ұпай саны бойынша «Үздіктер» командасы ауыспалы кубокты және бас жүлдені иеленіп, 1-орынды «Ақ жүрек», 2-орынды «Барыс», 3-орынды «Қайсар» командалары қанжығаларына байлады.

Сонымен қатар, спорттың әрбір сайысқа түскен түрі бойынша үздіктер де марапатталып, ректордың алғысхаттары мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

483

484

484

486

485