683«Қарттарым асыл қазынам!» мерекелік шарасы өткізілді

        1 қазан – Қарттар күнінің құрметіне орай белсенді студент-жастарымыз қаламызда орналасқан «Қарттар орталығына» барып, мерекелік кеш ұйымдастырды. Құттықтау шара аясында көңілді ән мен би, жан тебірентерлік поэзия мен махаббат тақырыбындағы астарлы көрініс қойылып, байлығымыз – қариялар қауымының ақ батасын арқалап қайтты.

Құттықтау сөзінде колледж директоры Азамат Қалманұлы 20 литр қымыз-шұбат жеткізілгендігін, қарияларымызға тұрақты көмек пен қолдау көрсету мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып, арнайы шаштаразшы бөлініп, сенбіліктер жасалатындығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, үздік еріктілерімізді сахна төрінде марапаттады.

Аталмыш шараның жоғары дәрежеде ұйымдастырылуына Қызылорда технология және қызмет институты, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ, облыстық «Волонтерлер Фронт Офисі» және «Қазақстан Еріктілерінің Лигасы» жастар қозғалы өз үлестерін қосты.

Қарияларымызды тағы да мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

684

685

686