71419.09.-23.09.2022ж.күндері Гуманитарлық –экономикалық пәндер» бірлестігінің ұйымдастырылуымен «Тіл мәртебесі –ел мәртебесі» тақырыбында апталық болып өтті.

Апталық аясында Ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары, студенттері, кітапханашылар қатысты. Алаштың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай жасалған тақырыптық кітап көрмесіне оқырмандарға көрнекті қоғам қайраткерінің шығармашылығын бірнеше бағыттар бойынша оқуға ұсынылды: А. Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы, А. Байтұрсынұлының әдеби шығармалары, Алаш қозғалысының алғашқы ұйымдастырушылары, А. Байтұрсынұлының қанатты сөздері, қазіргі ғылымдағы Ахметтану. т.б. әдебиеттер оқырмандар назарына ұсынылды.

Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арнап жасақталған, кітап көрмесіне кітапханашы А.Егізбаева библиографиялық шолу жасады.

715

Видео