202

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай университет пен колледж аруларына арналған "Анашым, бір өзіңсің табынарым" атты салттанатты кеш өтті.

 

Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді.

 

Алдымен, Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің директоры Көктем Ақарысұлы көктемнің шуақты мерекесімен аруларымызды құттықтап, бірқатар қыз-келіншектерге Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы Н.Байқадамов және Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы И.Құттықожаевтың мерекелік құттықтау Алғыс хатын табыстады.

 

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, белсенді студенттер мен өнерлі ұстаздар ән айтып, би билеп, жайдарман ойындарын ұйымдастырып барша оқытушылар мен қызметкерлерді қуанышқа бөледі.

 

Ана бойындағы асыл қасиеттер мен мейірбандылық, қайсарлық пен адалдықты арқау еткен бұл кеш, нәзік жандылардың өр рухты екенін тағы бір айқындағандай.

 

Сонымен қатар, арнайы жасалған мерекелік бейнекөрініс ханымдарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ер азаматтарымыз әзірлеген гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтар аруларымызға тарту етілді.

 

203

204