2018 жылдың 3 шілдесінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Студенттер сарайында»Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 2017-2018 оқу жылындағы бітіруші түлектеріне арналған «Ақ жол саған, Жаc түлек-2018!» атты диплом тапсыру кеші өтті.

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент А.Т.Үргенішбеков құттықтау сөз сөйлеп,үздік диплом иегерлерімен колледж белсенді түлектеріне диплом табыстады.

Колледж мақтаныштары мен үздік диплом иегерлері К.Балабай, Ә.Әлиева, О.Тасберген, Г.Омар және Ғ.Жолдасбек бітіруші түлектердің атынан ұстазға айтар алғысы мен лебізін білдірді.

15 жылдық мерейтой қарсаңында өтіп жатқан «Ақ жол саған, Жаc түлек-2018!»аттысалтанатты кешке «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің ғылыми кеңесшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Г.З.Сауытбаева және колледжіміздің алғашқы директорлары:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Мұнай-газ инжиниринг» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидатыН.Ә.Әбілдаев, Ыбырай Жахаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының» Қызылорда білім тарату орталығының жетекшісі, техника ғылымдарының кандидатыЖ.Н.Байманов,Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен «Мұнай-газ инжиниринг» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор П.Ә.Таңжарықов, «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты А.Т.Шегенбаев, облыстық білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім» бөлімінің әдіскері Ұ.Ж.Таңманбет, «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми әдістемелік орталығы» АҚ Қызылорда облысы бойынша филиал өкілі М.Ә.Мухидинова, «Ұстаз мәртебесі» және «Әлімсақ» журналының бас редакторы Н.Көбегенұлы шақырылып, құттықтау сөз сөйлеп, бітірушілерге диплом табыстады.

Колледждің ғылыми, тәрбие және қоғамдық жұмыстарына белсенді араласып, оқу орнының абыройын асқақтатудағы қосқан үлесі үшін бірқатар білім алушылар мен олардың ата-аналары колледж директорының алғысхатымен марапатталды.

Ұл-қыздары білім алып, еліне еңбек етсін деп тілейтін ата-аналар қауымы атынан колледждің бітіруші түлегі ОП-14о оқу тобының оқушысы Г.Рахметтің анасы Жанар Кенжебекқызы, НО-15 оқу тобының оқушысы Қ.Әмірашованың анасы Орынкүл Айдарбекқызы, НО-14ооқу тобының студенті Г.Жамсатованың анасы Жазира Ілесбайқызы бітірушілерді құттықтап, ақ жол тіледі және ұстаздарға алғысын білдірді.

Түлектермен қоштасу кеші биылғы түлектердің жүректерінде терең ұялары айдан анық. Жас та болса әлемге танылып, күннен күнге көркейіп өсіп келе жатқан еліміз сияқты, кең байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінде ғана емес, алыс жақын шет елдерде де еліміздің атын тек қана жақсы баянды істерімен, терең білімдерімен шығара береді деп сенеміз.

 

vruchenie-01

vruchenie-02