17
1-қыркүйек күні Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуы және «Мәңгілік ел» Ұлттық идеясы аясында 30-тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні және 1-қыркүйек – Білім күні мерекелері ұйымдастырылып, атап өтілді.

2016-2017 оқу жылында колледжге 4 мамандық бойынша мемлекеттік білім гранты беріліп, 95 оқушы оқу грантын иеленді. Колледж директоры, т.ғ.к Д.Т.Байниязов грант иегерлерін арнайы құттықтап, оқушылар, ата-аналар және колледж ұжымына жаңа оқу жылында шығармашылық табыс пен биік белестерге, алда қойылған мақсаттарға сәтті жетуін тіледі.

Салтанатты жиын барысында колледжіміздің өнерпаз жастары ұлттық билер орындап, патриоттық әндер шырқап, көк туымыз көктен түспей, Конституциямыз өміршең болсын деген тілекпен  тәжірибелі ұстаз Жаркенова Гүлнар Әбуқалиқызы баяндама оқыды.

Бұл күні дәстүрлі Білім сағаты «Мен - өз елімнің Патриотымын» тақырыбында өткізілді. Салтанатты іс-шара оқушылардың колледж материалдық-техникалық базасымен таныстырылуымен жалғасып,  колледж өмірінен сыр шертетін мұражайға барып, сонымен қатар оқу жүйесінен хабардар болды. 

 

18

16     15