2472019 жылдың 7-ақпан күні Қызылорда облысы білім басқармасының «Bilim Foundation» қоғамдық қоры қызметкерлерінің жоспарлы білім беру ұйымдарының директорларына, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына және 1-3 курс топ тәлімгерлеріне арналған «Суицид вахтері» оқыту семинары өткізілді. Семинарға келген арнайы психолог-маман С.Манасипова кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицид оқиғаларының орын алуы, «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары туралы» мемлекеттік бағдарлама туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бағдарлама аясында 1-курс студенттерінен сауалнама алынатыны, психологиялық дәрістердің оқылатыны жөнінде және осы орайда топ тәлімгерлерінің жауапкершілігін түсіндіріп, ең алдымен суицид әрекеттерінің алдын алудағы колледж рөлі, қауіп-қатер тобындағы балаларға көмек көрсетудегі оқытушының рөлі туралы мәселеге тоқталды.

248