2020 жылдың 24-қаңтар күні Әбу-Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналған облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында баскетболдан облыстық жарыс өтті. «Ақмешіт» колледжінің ойыншы қыздары жақсы спорттық дайындықтарын көрсетті. Нәтижесі бойынша «Ақмешіт» колледжінің студенттері жүлделі 2-ші орынға ие болды. Топ құрамында:
ОПЖ-16оР оқу тобының студенті З.Нұрмаханова
ОП-17оР оқу тобының студенті А.Орақ
Э-17-1 оқу тобының студенті З.Ақпай
ЭС-19 оқу тобының студенті С.Әмірғали
ЭС-19 оқу тобының студенті А.Ұзақбай
Жетекшісі: «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің оқытушысы А.Шайхысламбек.
Біздің студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз, оларға алдағы уақытта табыс тілейміз!