59507.07.2020 ж. «Ақмешіт» колледжінде 2020 жылы бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанаты виртуалды форматта өтті.

Диплом тапсыру рәсімінде колледж директоры, т.ғ.к. А.Т.Шегенбаев құттықтау сөз сөйлеп, ақ жол тілектерін айтып, үздік дипломдарды табыстады. Салтанатты рәсімнің виртуалды форматы студенттерге диплом алуға, туыстарымен және достарымен қуанышты оқиғамен бөлісуге, пандемияға қарамастан, өздерінің мансаптық жолын бастауға немесе оқуларын жалғастыруға мүмкіндік берді.

Интернет байланысы арқылы өткен салтанатты шарада колледждің ғылыми, тәрбие және қоғамдық жұмыстарына белсенді араласып, оқу орнының абыройын асқақтатудағы қосқан үлесі үшін бірқатар білім алушылар және олардың ата-аналары колледж директорының алғыс хатымен марапатталып, бітіруші түлектер мен ата-аналар ұстаздар қауымына алғыстарын айтты.

 

 

 

596

597

598

599

600

601