^Back To Top

logo

718Қазан айының алғашқы жексенбісі – Ұстаздар күні мерекесінің құрметіне орай студент жастар арасында «ЖАСТАР ФЕСТИВАЛІ-2022» өнер байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың басты ерекшелігі – оқу орны тарихында тұңғыш рет студенттер жігіттер және қыздар командалары болып 2 топқа бөлінді.

Жігіттер тобына жауапты – Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің аға тәлімгері, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының арнайы пән оқытушысы Аманжолова Зарина Сәбитжанқызы.

Қыздар тобына жетекші – Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі кәсіби бағдар беру тобының мүшесі, «Жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары» мамандығының арнайы пән оқытушысы Қалила Гүлдана Ақылбекқызы болды.

Байқау:

-         «Алтын дауыс»;

-         «Жаңа толқын»;

-         «Дипломсыз дарындар»;

-         «Ұстазым менің, ұстазым»;

-         «Танылмаған талант» сынды 5 бөлімді қамтыды.

Ұстаздар тақырыбында ансамблде ән айту, нақышына келтіре поэзия оқу, әскери қимылдар көрсету мен ұлттық-заманауи билер орындау, белгілі бір ұстазға пародия салу, мұғалімдерді мерекесімен көрініс түрінде құттықтау және еркін форматтағы сахналық қойылым көпшіліктің көңілінен шықты.

Қазылар алқасының құрамына әріптестік байланыс аясында облыстық «Жастар ресурстық орталығы» өкілі, кәсіби бағдар беру бағытында мектептің бағдарлі ісі жөніндегі орынбасары, белгілі түлек пен волонтерлік бағыттың көшбасшылары қосылды.

Байқау қорытындысы нәтижесінде Бас жүлдені Жігіттер тобы алса, I орынды Қыздар командасы еншіледі. Сонымен қатар, елу мың теңге қаржылай сыйлық үлестірілді.

Ең үздік ұйымдастырушы номинациясы ЭС-20о оқу тобының студенті Жаппаров Жайнарбек Бағдатұлы мен СР-20о оқу тобының студенті Меруерт Шарбатқызына табысталды.

719

720

721

 

 

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz