402017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында Алматы қаласында өтетін 28-Дүниежүзілік қысқы Универсиада  - Қазақстан Республикасының ұлттық жобасы және тәуелсіз еліміздің 25 жылдық тарихындағы ең ірі мультиспорттық іс-шара   болып табылады.

Спорттық бәсекеде еліміздің туын көкке көтерер спортшыларымызға қолдау көрсетуді  мақсат еткен колледж білім алушылары сап түзеп, «Универсиаданың басталуына 100 күн» атты жобаға белсенді түрде қатысты.

Аталған іс-шара аясында таңғы жаттығу жасауға келген барлық қатысушыларымыз алдымен әнұранымызды орындап, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Дене шынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты – ұлт денсаулығының кілті болып табылады» деген қанатты сөздерінен кейін «дене шынықтыру және спорт» мамандығы оқытушыларының ұйымдастыруымен көпшілік таңғы жаттығуларды  жасады. 

49

48

47

41