78Жаңа 2017 жылды қарсы алу кешінің ойдағыдай өтуіне колледж білім алушылары белсенді түрде кірісіп, жаңа жылдық концерттік бағдарламасын ұсынды. Кеш барысында оқушылар көтеріңкі көніл күйге бөленіп, әсіресе, қапшық толы сыйымен келген Аяз ата мен Қаршақыз өнер көрсеткен жастарға түрлі сый-сияпат көрсетті.

Өнерпаз жастар ән салып, би билеп қана қоймай қызықты ойындар ойнатып көңілдерін көтерді. Колледж директорының оқу-әдістемелік  жұмыстары жөніндегі орынбасары Ж.Н.Жакипова  білім алушыларды жаңа жылдарымен құттықтап, бірқатар белсенді және озат оқушыларды директордың алғысхатымен марапаттады.

Сонымен қатар жаңа жылдық лоторея ойыны ойнатылып, ұтыс иелері ұялы байланыс телефоны, жаңа жылдық шырша, тауық тиын салғыштар, т.б. бағалы сыйлықтарға ие болды. Жаңа жылдық бағдарлама жастардың би кешіне ұласты.

84

83

82

81

80

79