Жер бетіндегі бар тіршілік нәр алып, бастау алатын, табиғат оянып, көңілге қуаныш ұялататын, көктемнің алғашқы мерекесімен тұстас келген бақыт пен шаттықтың, жақсылық пен қуаныштың символына айналған ұлыстың ұлы күні- Наурыз мерекесіне «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты және Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі ұжымы ерекше дайындалып, қара үй тігіп, «Шұғыла» мөлтек ауданында тұратын ардагерлерді, әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларды арнайы жайылған дастарханға шақырып, оқытушылар және студенттердің дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынды.

Ата – бабамыздан жеткен халқымыздың тамаша  мерекесіне жиналған қауымды құттықтау үшін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінен бір топ әріптестер келіп, институт және колледж  ұжымынан құралған «Наурыз шапағаты» ансамблінің орындауында «Сәулемсің» халық әні шырқалды.

Жыл сайын Наурыз мерекесінде бірде қыз ұзатып, бірде келін түсіріп, бір жылы сәбиді бесікке салсақ, кешегі өткен жылы жас нәрестенің тұсауы кесілген болатын. Әрқашан тойымыз тарқамасын деген ниетпен бұл жылы «Ақмешіт» ұжымы «Қазақтың келіндері-ай» тақырыбында  келіндер сайысын өткіздіЖас келіндер өнер көрсетіп, ас үйдегі өнерлерін сарапқа салып, қамыр илеп, оны жаюдан сайысқа түсіп, жүк жинаудан алдарына жан салмады.

Нәтижесінде бас жүлдені Әбдіғаниева Айнұр иеленіп, қатысушы сайыскер келіндер «Епті келін», «Зерек келін», және «Шебер келін» номинацияларын ұтып алды.

Сонымен қатар, қазақтың ұлттық сорттық ойындарынан да сайыс өткізіліп, бәйгегеден озған жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді.  Концерттік бағдарлама келіндер сайысына ұласып, соңынан той дастарханынан дәм татумен жалғасты.

107 108
105 109
106 113
110 111
112 114
115 116
117 118