1983 жылы Юнеско жанында құрылған ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау мәселелері бойынша Халықаралық кеңестің Ассамблеясының шешімімен 18-сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні болып бекітілген болатын. Осы күні әр елде бүкіләлемдік тарихи-мәдени мұраны сақтап қалуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған.

Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі студенттері де осы дәстүрді жалғастырып, «Шұғыла» мөлтек ауданында орналасқан  Бұқарбай батыр ескерткішінің алдында көпшілікке арналған «Тарихи мұраны сақтау – біздің борышымыз!» тақырыбында концерттік-танымдық бағдарлама қойды.

Бағдарлама барысында Қазақстан аумағында, оның ішінде Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қорғауға алынған тарихи ескерткіштер туралы ақпарат беріліп, азаттық жолында мың өліп, мың тірілсе де ұланғайыр жері мен имандай ұйыған елінің тұтастығын көзінің қарашығындай қорғап өткен тарихи тұлға Бұқарбай бабаның өмірі жайлы да айтылып өтті.

Концерттік-танымдық бағдарлама Тәуелсіз Республикамыздың іргетасын нығайтып, оны гүлдендіріп, көркейтетін жастарекендігін айтумен,  дарынды деген атқа лайық, биіктен көрінетін білім иелері болуларына тілектестік білдірумен, және ата салтын ардақтап, әрқашан абырой биігінен көрінейік деген үлкендердің батасымен аяқталды.

124
125 126
128 127