217Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәжірибесі бар, бәсекеге қабілетті жоғары деңгейдегі мамандар даярлайтын оқу орындарының бірі болып табылады. Жыл сайын қаңтар, сәуір айларында біздің колледж көптеген мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына өз есігін ашып, талапкерлерге аса маңызды таңдау жасау, яғни болашақ мамандығын таңдауға көмек беріп отырады.

Биыл да осы дәстүрді жалғастырып, 2019 жылдың 14-21 қаңтары аралығында оқытушыларымыз қаламыздағы мектептердің 9-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.

221Бағдар беру барысында мамандық таңдау бойынша емтихан тапсыру ережелері мен тәртібі, құжаттарды тапсыру мерзімдері түсіндірілді. Сонымен қатар оқушыларға колледж мамандықтары жайлы бейнебаяндама көрсетіліп, жарнамалық материалдар таратылып, кең көлемде ақпараттар берілді. Колледжіміздің белсенді көшбасшы студентері Д.Жанғабылов, А.Кенжебайқызы, Қ.Темірбек, А.Каналбаева, Ш.Бимағанбет колледжде болатын іс-шаралар және студенттік өмірдің қызықты сәттерімен бөлісіп, мектеп оқушыларының үлкен қызығушылықтарын тудырды. Оқушылар өз кезегінде таңдаған мамандықтары жайлы сұрақтар қойып, жауаптарын алды.

218

218