2651-наурыз – Алғыс айту күні және 8-наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Ақмешіт» колледжінің және Текей батыр Қарпықұлы атындағы колледждің бір топ өнерпаз студенттері бірігіп, қаламыздағы Қарттар үйіне барып, қайырымдылық концертін қойып қайтты. Бұл орталықта тағдыры сан қилы жандар тұрып жатқанын, бірінің ешкімі жоқ болса, екіншісі мүгедек болып арбаға таңылғанын көрген студенттер қариялардың көңілін көтеріп, оларға әсем әндері мен көркем билерін тарту етті. Концерттік бағдарламадан кейін қариялар батасын  беріп, өнерпаздардың әрбір әні мен биін ыстық ықыласпен қабылдады.

266

267

268