285«Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің оқытушысы К.Н.Ахметова Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық «Үздік ұстаз – 2019» байқауына жұмыстарын ұсынып, үздік деп танылды! Колледжіміздің мақтанышы К.Н.Ахметова сондай-ақ, Қазақстан педагогтар қауымдастығы Төралқасының мақсаттары мен міндеттерінің орындалуына және педагогика саласының өркендеуіне қосқан үлесі үшін «Қазақстанның үздік ұстазы» орденімен марапатталды. Жоғары білікті кәсіби маман, тәжірибесі мол ұстазға алдағы уақытта да  зор табыстарға жете беруіне тілектеспіз.

 

 

 

 

 

 

 

286

287