3202019 жылдың 26 сәуір күні жас оқытушылардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу мақсатында «Жас маман-2019» байқауы өтті.

Жас мамандар 22.04.-25.04.2019 ж. күндері аралығында ашық сабақтар мен ашық тәрбие сағаттарын өткізді.

Байқау төмендегідей турлардан тұрды:

-        «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында өзін таныстыру;

-        «Өнерлінің өрісі кең» тақырыбында өнер байқауы;

-        «Педагогикалық ахуал» жағдаяттан шығу;

-        Портфолио қорғау.

Жас мамандар сайыс барысында өздерінің білім деңгейлерінің жоғары екендігін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша «Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Н.Маханбетова 1 орын иегері және «Үздік жас маман-2019» белгісімен, шетел тілі пәнінің оқытушысы Н.Асылбекова 2 орынмен, «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің оқытушысы Т.Абай 3 орынмен марапатталды.