340«Ақмешіт» колледжі болашақ мамандарға салтанатты түрде дипломдарын табыстады. Үлкен өмірге жолдама берген оқу орны бітіруші түлектердің кешін «Сыр елінің тірегі – Ақмешіттің түлегі!» тақырыбында атап өтті.

Колледж директоры А.Т.Шегенбаев жас мамандарға ақжол тілеп, колледж қоғамдық өмірінде белсенділік танытқан бірқатар студенттер мен олардың ата-аналарына алғысхаттар табыстады.

Салтанатты шараға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нен, облыстық білім басқармасынан және «Жасм Отан» жастар қанаты бірлестігінен арнайы қонақтар шақырылып, қонақтар өз кезегінде бітіруші түлектерге ақ жол тіледі.

Әсерлі кештің көркіне думан берген берген жастар ән айтып, «Ақмешіт» гимнін орындап, ұстаздарына ақ тілектерін арнады.

341

342

343