3712019 жылдың 14 қыркүйек күні «Ақмешіт» колледжінде дәстүрлі жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа колледж директоры А.Т.Шегенбаев, Қызылорда қалалық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызмет бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы С.Б.Исаев, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Қ.Бисенова, «Тәрбие және мәдени көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің меңгерушісі А.Е.Бекенова, «Гуманитарлық-техникалық мамандықтар» бөлімінің меңгерушісі Е.С.Кенжеев, колледж психологы Ж. Ә.Байсалова, бірлестік жетекшілері, топ тәлімгерлері, пән оқытушылары, «Ақмешіт» колледжі бойынша 1 курс студентерінің ата-аналары қатысты.

Күн тәртібінде «Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Оқушының физикалық және психикалық денсаулығын нығайту бағдарламасымен таныстыру», және колледждің ішкі тәртіп ережесімен ата-аналарды таныстыру мәселелері қаралды.

Жиналыс соңында ата-аналар колледж әкімшілігіне өзекті мәселер бойынша сұрақтарын қойды.  Топ тәлімгерлері келген ата-аналармен жеке кездесіп, студенттердің сабақ үлгерімі, сабаққа қатысуы, жатақханада тұруы, ата-аналар комитетін таңдау сұрақтарын талқыланды.

372

373

374