37518.09.2019 ж. «Ақмешіт» колледжі студенттері мен Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің арнайы құрған Президентіміздің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбындағы халыққа жолдауын кеңінен насихаттау мақсатындағы ақпараттық-насихат тобымен кездесті.

Кездесу барысында Жолдауда айтылған басым бағыттар, мемлекетті нығайту, Отандық бизнесті қолдау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ақпараттық топ ертеңгі елдің жастарын білім алуға, білімін шыңдауға, аянбай еңбек етуге, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға, ішкі тұрақтылық пен тәртіпті сақтауға, қоғамға өз үлестерін қосуға шақырды.

 

376