379«Ақмешіт» колледжінде 02.10.2019 ж. «Гуманитарлық-экономикалық пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбындағы апталық аясында «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығынан бөлім әдіскері Г.С.Айдарова қатысып, студенттерге латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын түсіндіріп, бұл өркениетті шешім ұлттық кодымызды сақтап қалудың бірден бір жолы екенін ұқтырды. Студенттер өз кезегінде көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алып, өз пікірлері мен тұжырымдарын ортаға салып, қызу пікірталас болды.

Сала маманы «Ақмешіт» колледжі кітапханасына латын әліпбиіне көшу бағдарламасына қажетті оқу құралдарын сыйға тартты.

 

380

381

382