694СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҢДАЛДЫ

Исахан Есенұлы білім ордасының белсенді де өнерлі студенті. Кәсіби бағдар беру тобының мүшесі ретінде жыл бойы қала және аудан мектептерін аралап, колледж атынан оқушылармен байланыс орнатқан еді.

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 3 курс студенті, 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша облыстық волонтерлар арасында ұйымдастырылған «Жыл үздігі-2022» атағының жеңімпазы, Қараша және Ақпан айлары бойынша «Ай үздігі» номинациясының иегері, колледж тарихында алғаш рет студенттер бастамасымен түсірілген «Студенттік өмір» бейнебаянының орындаушысы, мерекелік шаралар жүргізушісі, жас әнші, биші.

2 қыркүйек күнінен бастап «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» білім беру мекемесінің Студенттік Парламент Президенті лауазымына сайланды. Алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!