695БІЗДІҢ СТУДЕНТ – ҚАЛАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ КӨШБАСШЫ 

«Қазақстан еріктілерінің Лигасы» республикалық Қоғамдық Қоры Қызылорда облыстық филиалының атқарушы Төрағасы тағайындалды. Жаппаров Жайнарбек Бағдатұлы – біздің колледждің 3 курс студенті. Облыстық волонтерлер арасында өткізілген «ЖЫЛ ҮЗДІГІ-2022» байқауының жеңімпазы, Қаңтар айы бойынша «АЙ ҮЗДІГІ» номинациясының иегері, колледж студенттері арасында өткізілген «ЖІГІТ СҰЛТАНЫ-2022» байқауының Бас жүлде иегері. Ұйымдастырушылық-көшбасшылық қабілетімен қатар, мерекелік кештер жүргізушісі, әнші, бишілік қырларымен көзге түскен Жайнарбек алдағы уақытта волонтерлік пен қоғамға көмекті, сахна мәдениетін қалыптастыру мен жастар шығармашылығын дамыту бағытындағы бірлестік – Лиганың облыстық филиалының жұмыс барысының жүргізілуіне жауапты болады.

«Қызылорда Еріктілерінің Лигасы» жастар қызығушылығына және сұранысына сай - «Ашық жүрек», «Сыр жастары» «Көшбасшы» «Студенттік Парламент» сынды салалық ұйымдарына бөлінді. Әр бағыттар бойынша да жетекшілер сайланып, өз жұмыстарын бастап кетті.

Еріктілер командасының алдағы жұмыстарына тек сәттілік пен абырой тілейміз!

#үздіктер_таңдауы #kvmk