-
4 желтоқсан күні «Білімді, дені сау ұрпақ - тәуелсіз елдің болашағы» апталық аясында «Тәуелсіз-мәңгілік ел мұраты» тақырыбында тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің басты мақсаты: ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін білім алушыларға таныту және патриоттық сезімге тәрбиелеу, мәнерлеп оқуға баулу, кітап қорындағы әдебиеттерді насихаттау.
Көрмеге ''Ұлттық идея - Тәуелсіздік тұғыры'' , ''Тәуелсіздікке тарту'', ''Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері'' атты ғылыми-танымдық мақалалар жинағы, ''Тәуелсіздік тағдыры'', ''Тәуелсіз елдің талайы'', ''Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімі'' , ''Тәуелсіз Қазақстан шетел сарапшыларының көзімен'' , ''Тәуелсіздік тағылымы'' атты кітаптар қойылды.
Ұйымдастырушылар: бірлестік оқытушылары -