178“Кәсіби-техникалық мамандықтар” бірлестігінің оқытушысы Бакытжанова Жаркынай Ганиевна ЭС-22оМ және ЭС-21о топтарымен “Сөз қадірі - өз қадірің” атты ашық тәрбие сағатын өткізді.

Ашық тәрбие сағатының мақсаты, студенттерге сөз құдіретін ұғындыру, сөздің қасиетін бағалай білуге және сөйлеу әдебін сақтай білуге үйрету. Студенттердің бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату, адамдық асыл қасиеттерге тәрбиелеу.

Ашық тәрбие сағаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен басталып, студенттерге сөз маңызы мен сөз қадірін түсіндіру баяндамалары оқылды.

“Оян қазақ!” видеоролигі көрсетіліп, сергіту сәті жасалды. Студенттер өздері білетін, мақал-мәтелдерін жазып, өз ойларын ортаға салды.

 

179

180