WhatsApp_Image_2024-01-25_at_15.33.55.jpeg

Бас есепші – Кеңесбекұлы Жандос

Телефон: 8 (7242) 24-67-44

                   8 775 586 00 00

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

WhatsApp_Image_2024-01-25_at_14.16.53.jpeg

 

 

 

 

Аға есепші - Шөкеева Айдана

Телефон: 8 701 861 97 05

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Есеп бөлімі мыналарды қамтамасыз етеді:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бекіткен бастапқы құжаттар үлгілері негізінде бухгалтерлік есеп пен есептілік, міндеттемелер мен шаруашылық операциялар жүргізу. Бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде бастапқы есептік құжаттар үлгілерін әзірлеу. Колледждің қаржылық қызметінің нәтижелері мен шаруашылық үдерістері туралы толық және шынайы ақпараттарды қалыптастыру;
- бекітілген нормаларға, нормативтер мен сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың пайдаланылуына, мүліктердің болуы мен қозғалысына бақылау жасау;
- республикалық және жергілікті бюджеттерге салықтарды есептеп, аудару және салық декларациясын жасау;
- сыртқы міндеттемелер мен қаржыландыруларды бақылау;
- колледждің қаржы-шаруашылық қызметіне аналитикалық және синтетикалық есеп жүргізу;
- колледждің негізгі қаражаттары, айналым қорлары мен ақша қаражаттарын есепке алу, шығындар сметасының орындалуы; - ақша қаражаттарына, тауарлы-материалдық қорлар мен есептерге уақтылы түгендеу жүргізілуіне бақылау жасау;
- ақша қаражаттарының қозғалысына қатысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында құжаттамалы түрде көрсетілуін қамтамасыз ету;
- есепке алу, есептілік және қаржылық бақылауға қатысы бар мәселелерді қараған кезде тиісті органдарда колледждің мүдделерін білдіру;
- бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруда әріптестермен жасалған келісімшарттардың орындалуына бақылау жасау;
- есеп бөлімінің келешекке жалпы даму жоспарын әзірлеу;
- кәсіпорындар, ұйымдар, жеке тұлғалармен өнім алу, жұмыстар орындау және қызметтер көрсетуге арналған тікелей келісімшарттар жасау;
- күндізгі және сырттай оқу түріндегі білім алушылардың шығарылатын өнімдер, орындалатын жұмыстар мен басқа да көрсетілетін қызметтердің шығындар сметаларының орындалуына бақылау жасау;
- ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, мамандар мен оқушылардың біліктілік көтеру курстардан, тағылымдамадан өтуін уақтылы қаржыландыруға бақылау жасау.