WhatsApp_Image_2024-01-26_at_10.36.09.jpeg

"Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру" бөлімінің әдіскері

Адамбаева Айжан Сұлтанбекқызы

 Тел:  8-771-544-84-18

 

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

 

 

   
 WhatsApp_Image_2024-01-24_at_19.17.31.jpeg

Колледж психологы

Байсалова Жайдары Адиловна

 Тел: 8(7242) 247602

         

 

 

      

«Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімі қызметінің мақсаты  білім алушыларды мазмұнды әрі қызықты қоғамдық өміріне бағытталған тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстар мен бос уақытты тиімді пайдалану, мемлекеттік жастар саясатын жүргізілуіне ықпал жасау болып табылады.

Колледж тәрбие жұмысының басым бағыттары білім алушы жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстарын жетілдіру және білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, біртұтас аса мәдениетті және әлеуметтік жауапкершілігі бар тұлға ретінде қалыптастыру, құқықтық мәдениетке тәрбиелеу, қоғамдық-саяси белсенділігін дамыту, көшбасшылық дағдыларын арттыру, рухани адамгершілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дарынды жастарға қолдау көрсету.

Сонымен қатар, бөлім білім алушы жастар өмірінің мəселелерін шешуге, оның əлеуметтік белсенділігін арттыруға, əлеуметтік ұстанымдарын қолдауға қатысуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда жоғары  көпсалалы  колледжінде қалыптастырылған жастардың колледж өміріндегі орнын, маңызын, рөлін айқындайтын студенттік өзін –өзі басқару жүйесінің жұмысына басшылық жасайды. Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесінің негізінде колледжде «Студенттік парламент» жұмыс жасайды. Парламент күндізгі оқу формасындағы білім алушылардың жұмыс істеу мерзімі шектелмеген тұрақты түрде əрекет ететін өкілдік жəне реттеуші орган. «Студенттік парламент»  ережесі мен жоспары жыл басында колледж директорымен бекітіледі.  Және «Студенттік парламент» ереже сәйкес жұмыс жасайды. Колледждің «Студенттік парламент» жетекшісі  ретінде «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті Жаппаров Жайнарбек тағайындалды. Парламент жетекшісі жоспарға сәйкес колледж белсенді студенттерінің ұйымдастырумен іс-шаралар өткізеді.

Колледжде өткізілетін іс-шаралар студенттік өзін – өзі басқару жүйесінде қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар, атап айтқанда, «Студенттік парламент», «Жастар Рухы», «Кітап құрттары» «Жасыл ел», «Құрылыс» студенттік жасақтар, жатақхананың студенттік кеңесі, студенттер арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында құрылған «Қыран» волонтерлік жасағы арқылы жүргізіледі.

Білім алушы жастардың өмірінде кездесулер, пікірталастар, шоу-бағдарламалар, спорттық жарыстар, КТК конкурстары, дөңгелек үстел, «Біз дарынды жастарды іздейміз!» өнер фестивалі, І-курс студенттерін студент қатарына қабылдау, спартакиадалар тәрізді іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған. Білім алушылардың белсенділігене қарай түрлі дәрежедегі Алғыс хаттар, естелік сыйлықтар, қаржылай марапаттар болады.

 

SqpwgEH40HA