^Back To Top

logo

917

Еримбетов Коктем Акарысович,

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің директоры.


Құрметті сайт қонағы Сіз директор блогы арқылы колледж директорына хат жібере аласыз.
 

Ол үшін "Хат жазушы үшін" деген жерді толтырып, "Хатты жіберу" батырмасын басыңыз. 
Хатыңызға жауапты төмендегі "ЖАРИЯЛАНҒАН ХАТТАР ТІЗІМІ" деген жерден және өз электондық поштаңыздан оқи аласыз. 

ЕСКЕРТУ:  Егер хат мәтінінде басқа адамның ар намысына тиетін немесе басқа да келеңсіз жағдай болса хатыңыз блогта жарияланбайды. Жауапты тек өз электрондық поштаңыз арқылы ғана аласыз. 

Жарияланған хаттар тізімі:  

#7 Салтанат 29.01.2019 17:14
Жауап:
Саламатсыздар ма? Сіздің оқу орнының оқытушылары жақында біздің мектепке кәсіби бағдар беру жұмыстары бойынша келіп кеткен болатын. Айтайын дегенім, сіздерде арнайы ашық есік күні ұйымдастырыла ма? Егер ұйымдастырылса, біздің мектептің оқушыларын ата-аналарымен қоса шақырсаңыздар. Салтанат Бижігітқызы – 235 мектеп
Кұрметті Салтанат Бижігітқызы! Колледждің 2019-2020 оқу жылына арналған оқу және тәрбие жұмысы жоспары бойынша кәсіби бағдар беру бағытында мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік» күні шарасы 2019 жылдың сәуір айына жоспарланып отыр. Мнектеп директорына арнайы хат жолданып, қосымша хабарланатын болады.
Жауап беру
#6 Айгуль 29.01.2019 17:13
Жауап:
Сәлеметсіз бе директор мырза! Мен Арал қаласының тұрғынымын. Биыл інім сіздердің оқу орындарыңызға оқуға түсуге талаптанып жатыр (9 сынып бітіруші түлек). Сізден сұрайын дегенім, сіздерде 2019-2020 оқу жылында «Құқықтану» мамандығына білім гранты бөліне ма? Сонымен қатар, жатақхана мәселесі қалай болады, барлық мамандық студенттері жатақханаға орналаса алады ма? Алдын ала рахмет.
Саламатсызба жас талапкер! Қадамыңыз сәтті болғай! Биыл құқықтану бойынша грант бөлінбейді тек ақылы негізде. Колледжде жатақхана бар және бүкіл жағдай жасалынған. Біздің сайттан жатақхана туралы көре аласыз. Жатақханаға орналасу үшін оқуға тапсырған кезде бірден өтініште көрсетіп кетесіз. Жатақханаға орналасу қиын емес және біздің жатақханаға тек қана Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-те хникалық колледжінің студенттері ғана тұра алады. Басқа колледж студенттері орналастырылмай ды.
Жауап беру
#5 Меруерт 29.01.2019 17:12
Жауап:
Саламатсыз ба, құрметті Абзал Тілеубергенұлы! Менің сізге қояр сурағым: Сабаққа хиджаб киюге рұқсат етесіздер ма?(рұхсат етсеңіздер жақсы болар еді)
Меруерт – 4-курс студенті
«Қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 47-бабының (Білім алушылар мен тәрбиеленушілер дің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі) 15-1-тармағына сәйкес білім алушылар білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті» - делінген. Осыған байланысты біздің колледждің ер білім алушылары ақ көйлек, қара шалбар, қыз балалары ақ көйлек, қара юбка кию көзделген.
Жауап беру
#4 Директор 02.10.2018 18:58
Жауап:
Саламатсыз ба!Бір жыл бұрын бала күтіміне байланысты академиялық демалыс алдым. Академиялық демалысты одан әрі созуға бола ма?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы№ 506 бұйрығымен бекітілген "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларына» сәйкес босанғанда академиялық демалысты ресімдеу үшін бала 3 жасқа толғанға дейін академиялық демалыс беріледі. Директор атына өтініш беріп, академиялық демалысты ұзартуға болады.
Жауап беру
#3 Дильназ 02.10.2018 11:21
Саламатсыз ба!Бір жыл бұрын бала күтіміне байланысты академиялық демалыс алдым. Академиялық демалысты одан әрі созуға бола ма?
Жауап беру
#2 Директор 01.10.2018 19:02
Жауап:
Саламатсыз ба! Мен мемлекеттік грант бойынша оқимын. Егер емтиханнан «3» бағасын алсам, степендия алмаймын ба? Егер степендия алмай қалсам, бұл жағдайды қалай түзеуге болады?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» N 116 Қаулысына сәйкес емтихан сессиясының немесе білім алушыларды аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша "жақсы", "өте жақсы" деген бағаға сәйкес бағалардың баламасын алған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстырылған студенттерге тағайындалады. Егер «қанағаттаннарл ық» баға алған жағдайда степендия тағайындалмайды . Бұл жағдайды келесі емтихан сессиясында барлық сабақтан "жақсы", "өте жақсы" деген баға алғанда ғана түзетуге болады. Сізге сәттілік тілеймін!
Жауап беру
#1 Еңілік 01.10.2018 18:54
Саламатсыз ба! Мен мемлекеттік грант бойынша оқимын. Егер емтиханнан «3» бағасын алсам, степендия алмаймын ба? Егер степендия алмай қалсам, бұл жағдайды қалай түзеуге болады?
Жауап беру

Хат жазу үшін


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz