^Back To Top

logo

 Nurgul1

 

 

 

Жалпы білімдік пәндер бірлестік жетекшісі: 

Скакова Нұргул Демесіңқызы

І-санатты  арнайы пән оқытушысы

Телефон: 30-36-67, 8747-239-36-88

e-mail: Nurgul_skakovaThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

                  

 

Бірлестік  төменде  көрсетілген  мамандықтар  бойынша мамандар даярлайды:

Мамандық шифры

 

     Мамандық атауы

01140500

-

«Дене тәрбиесі және спорт»

01140800

-

«Кәсіптік оқыту» (салалар бойынша)

06130100

-

«Бағдарламалық қамтамасыз ету»(түрлері бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінде 15 оқытушы қызмет атқарады. Атап айтсақ: жоғарғы санатты 1 оқытушы С.Тайжанов,

1санатты– 1 оқытушы Н.Скакова, 2 санатты – 1 оқытушы А. Жумабаева, зерттеуші – 1 оқытушы Р. Ысқақова, модератор – 1 оқытушы М. Аманбаева, магистр – 2 оқытушы Е. Бегалиев, П. Қамарова, санаты жоқ- 8 оқытушы З. Аманжолова, Ә. Амантаев, З. Төлеген, Қ. Қәдір, Н. Жәнібек, Н. Сазанбай, Д. Беген, Б. Әбілқасымов қызмет атқарады.

                                                 jbp

Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары

 «Жалпы білімдік пәндер» бірлестігінің оқытушылары сапалы білім және тәрбие берумен қатар, шығармашылық  жұмыстармен айналысудыда қалыс қалдырған емес. 

               Қазақстан Республикасы педагогтарының кәсіби шеберлігін шыңдау, біліктілігін дамыту, талантты педагогтарды анықтау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Пән олимпиадасының үздік педагогы -2020» олимпиадасына қатысып бірлестік жетекшісі Скакова Нүргүл жүлделі ІІІ орын иеленді. «Ұстаз тілегі» республикалық ғылыми – әдістемелік орталығының Республикалық Информатика пәнінен ұстаздар арасындағы олимпиадасының І дәрежелі дипломымен, сонымен қатар «Қазан» айында өткізілген Республикалық «Информатика» Блиц-турнирінің 2 орынын, сонымен қатар  Н.Скакова және  Ғ.Домекова «Халықты компьютерлік сауаттылыққа үйрету» негізінде Қызылорда Облыстық білім басқармасының  «Дарын» облыстық қосымша білімберу орталығының  ұйымдастыруымен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Рүстемовтің алғыс хатымен марапатталды.

Аманжолова Зарина Сәбитжанқызы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан»: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арналған жолдауын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жаңа Қазақстан: білім беру саласының үздігі» атты республикалық байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жумабаева Айдана Сериковна 2022 жылы оқу жылында «Химия сабағында қазіргі заманғы технологияларды қолдануды жинақтаудың алтын қоржыны» атты әдістемелік көмекші құралын басылым бетіне шығарды.

Қазақстан және КСРО халық әртісі халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған облыстық жастар арасындағы марафонға бірлестік оқытушылары Сазанбай Нұртуған және Амантаев Әділет қатысып жүлделі І орынды, иеленді.

Сонымен қатар, бірлестік оқытушылары халықаралық, республикалық, облыстық деңгейде баспа бетіне үздіксіз мақалалар жариялап отырады. Мысалы Н.Скакова «PYTHON – қолданбалы бағдарламалау тілі заман талабы» тақырыбында TutorUp Халықаралық ғылыми – педагогикалық, әдістемелік журналында және «Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі» тақырыбында республикалық ғылыми - әдістемелік журналына, З. Аманжолова «Цифрлық сауаттылық-заман талабы және компьютерлік техниканы пайдалануда модульдік оқыту технологиясын қолдану» тақырыбында, Е. Бегалиев «Университетте физика курсын оқытудағы инновациялық технологиялар» тақырыбында, З. Төлегенова «Георгафия пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы білім алушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында ұстаз мәртебесі республикалық қоғамдық-әлеуметтік, ғылыми-көпшілік газетіне мақалаларын, С. Тайжанов «Жаңа педагогикалық технологияның түрлері» тақырыбында «Ustaz tiledi» республикалық ғылыми-әдістемелік сайтына жариялады.

Бірлестікте оқытушыларымыз сапалы білім мен саналы  тәрбие беріп, қоғамдық  жұмыстарға белсене араласқаны үшін алғыс хаттар мен марапатталды. Мәселен, «25 - қазан Республика» күніне орай бірқатар оқытушылар А. Жумабаева, З. Аманжолова, П. Қамарова Қызылорда облысының мәслихат хатшысы Н.С. Байқадамовтың алғыс хатымен  және Қызылорда қаласының әкімінің алғыс хатымен Н. Скакова марапатталды.

           

Тәрбие жұмыстары

Бірлестікке қарасты топтарға топ тәлімгерлері төмендегідей болып бекітілді:

Оқу тобы

Топ тәлімгері

Оқушы саны

1

ФиС-22о

Жұмабаева А.

17

2

ВТ-22о

Қамарова П.

23

3

ФиС-22

Амантаев Ә.

14

4

ФиС-21о

Сазанбай Н.

33

5

ФиС-20о

Аманжолова З.

13

6

ФиС-21

Домекова Ғ.

6

7

ФиС-20оЖ

Скакова Н.

19

8

ВТ-20

Бегалиев Е.

18

9

ВТ-19о

Домекова Ғ.

19

    

Топ тәлімгерлері өз топтарында ата-аналар жиналысын өткізіп,ата-аналармен тығыз байланыста болады.

Әрбір топ жетекшісі оқу жылының басында тәрбие жұмыстарының жоспарын жасап, бекітіледі. Жоспар бойынша бірнеше тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Колледждің 1-курс студенттері арасында дарынды жастарды анықтау және ынталандыру, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыру мақсатында Жастар Фестивалі-2022 өнер байқауы өткізіліп бас жүлдені «Жігеттер командасы» жетекшісі Аманжолова Зарина Сәбитжанқызы марапатталды.

5 қыркүйек Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күніне орай «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» атты апталықта қатысып жүлделі ІІ орынмен марапатталды, жетекшісі Қамарова Перизат Айбекқызы

           Колледждің 1-курс «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Бақыт Нұрай Табиғатқызы Арменияда өткізілген әлем чемпионатында самбо спорт түрінен 55 кг салмақ дәрежесінде ІІІ-орынды және ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовты еске алуға арналған дзюдодан ресубликалық турнирде 57 кг салмақ дәрежесінде І – орынды иеленді.

jbp1jbp11

 

 

3-курс «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Кулжанов Әділет Ситжанұлы Каратэ-до спорт түрі бойынша облыс чемпионатының 10 дүркін чемпионы және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, азия және әлем чемпионы.

jbp111

Сонымен қатар бірлестікте оқушыларды шығармашылық жұмысқа  тарту арқылы танымдық қабілеттерін арттыру, белсенділігін қалыптастыру мақсатында «Қызықты физика», «Химиялық колейдоскоп», «Баскетбол», «Волейбол», «Футбол»  үйірмелері жұмыс жасайды.

Copyrigcht © 2016 wwww.kmgtk.kz