^Back To Top
«Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» Сыр өңіріндегі техникалық және кәсіптік білім саласында еңбек нарығының сұранысына, экономика және әлеуметтік саланы дамытуға атсалысып келе жатқан оқу орындарының бірегейі.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №353 бұйрығымен Қызылорда инженерлік-экономикалық институты жанынан колледж құрылды.
2006 жылдың 24 қарашасында колледж Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі болып қайта тіркелді.
Бастапқы кезде «Электрмен қамтамасыз ету», «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», «Қонақ үй шаруашылығы мен туристік кешендерде қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Ақпараттарды өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандықтары бойынша оқуға қабылдау жүргізді.
Қазіргі таңда колледж 36 мамандық бойынша 9 сынып (күндізгі) және 11 сынып (күндізгі және сырттай) негізінде мамандар даярлайды.
2010 жылы кәсіби білікті мамандар даярлаудағы жаңашыл жұмыстары және «Колледждердің үздік әдістемелік қызметі» атты облыстық байқауда колледж ІІІ-орынды иемденді.
2013 жылы «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасы аясында Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі 0902000 – «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша "Бүкіләлемдік банктің" грант жеңімпазы атанды. Жоба Халықаралық қайта құру және даму Банкінің қаржыландыруымен, «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қолдауымен іске асырылды. Жоба негізінде колледж оқытушылары Германия, Белоруссия, Ресей елдерінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
2014 жылы «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» облыстық форумында өткізілген кәсіби білім берудің инновациялық жұмыстарын оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге арналған шығармашылық көрмесінде колледж ІІІ-орынды иемденді.
2016 жылы білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (IQAA) жүргізген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының институционалдық рейтингі қорытындысы бойынша Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі «Қазақстанның көпсалалы колледждерінің рейтингі - 2016» бойынша ІІ-ші орынды иеленді.
2017 жылы білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (IQAA) жүргізген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының институционалдық рейтингі қорытындысы бойынша Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжі «Қазақстанның көпсалалы колледждерінің рейтингі - 2017» бойынша IV-ші орынды иеленді.
Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі – аймағымыздағы техникалық және кәсіптік білім саласында еңбек нарығының сұранысын арттыруға, экономика және әлеуметтік саланы дамытуға үлес қосып келе жатқан іргелі оқу орындарының бірі. Колледж 2019 жылы Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі институционалдық аккредиттеуден өтті.
Колледж білім беру қызметі 2019 жылы берілген №KZ15LAA00014966 мемлекеттік лицензиясы негізінде іске асырылады.
Колледж 2013 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өткен.
2018 жылы «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» өзінің 15 жылдық мерейтойын зор жетістіктермен қарсы алды.
2013-2014 оқу жылы «Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» «Техникалық және кәсіби білім беруді жаңғырту» жобасына қатысып, 0902000-Электрмен қамтамасыз ету (салалары бойынша) мамандығы бойынша Дүниежүзілік банк грантының жеңімпазы атанды.
Колледжде біліктілік деңгейі жоғары тәжірибелі оқытушылар құрамы дәріс береді. Оқу орнында Германия, Беларус, Ресей елдерінде біліктілікті арттыру курстарынан өтіп келген қызметкерлер мен арнаулы пән оқытушылары сапалы білім, өнегелі тәрбие беруде.
Оқу орнына жыл сайын техникалық және кәсіптік білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім гранттары бөлінеді.
Колледж оқытушыларының жетекшілігімен білім алушылар қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадалар, конференциялар мен сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.
Білім алушыларға«Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» материалдық-техникалық базасын толық пайдалануға мүмкіндік жасалған. Атап айтсақ, 31 пәндік оқу кабинеттері, 21 оқу зертханасы, 3 шеберхана, 6 компьютер сыныбы, интернет жүйесіне қосылған 150 компьютерлік паркі, лингафон кабинеті, 250 орындық мәжіліс залы, кітапхана, оқу залы, электронды оқу залы, спорт зал, мұражай, жатақхана, асхана стандартқа сай жабдықталған.
2017-2018 оқу жылында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған «Автокөліктерге қызмет көрсету және жөндеу» оқу-зертханалық кешені пайдалануға берілді.
Колледж әкімшілігі тарапынан ақылы негізде оқитын ата-ананың қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға жеңілдіктер қарастырылады.
«Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі» 36 мамандық бойынша 9 сынып (күндізгі) және 11 сынып (күндізгі және сырттай) негізінде мамандар даярлайды.