^Back To Top
Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде оқу бөлімі оқу үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылаумен айналысады.
Оқу бөлімінің құрамы:
Оқу бөлімінің меңгерушісі Мустаяпова Әсем Бауыржанқызы Телефон: 24-48-25 8 777 137 4948 |
Оқу бөлімінің инспекторы: Тел: 87772486227
|
Колледж әдіскері Төлеген Зухра Дамирқызы
тел.:87774572167 |
Байланыс телефондары: 8(7242) 24-59-04,
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Оқу үдерісін ұйымдастырудың міндеттері:
- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алуға қажетті жағдайлар жасау;
- кәсіптік білім берудің қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне уақытында бейімделуіне ықпал ететін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;
- техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары мен өндірісті ықпалдастыру.
Оқу үдерісі қызметінің тәртібі:
-колледждегі оқу үдерісін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметін реттейтін заңдар мен басқада нормативтік-құқықтық актілердің, колледж жарғысының негізінде жүзеге асырылады;
-оқу үдерісін ұйымдастырудың негізі оқу, оқу-әдістемелік жұмысын жоспарлау мен есепке алу болып табылады;
-оқу жұмысын жоспарлау оқу жылына арналған оқу үдерісінің кестесі мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады;
- оқу үдерісі күндізгі (негізгі орта және жалпы орта білім базасында) және сырттай (жалпы орта білім базасында) оқу нысандарында жүргізіледі;
-білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау «Білім туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Әдістемелік жұмыстың басты мақсаты педагогтардың кәсіптік білімдері мен шеберліктерін жетілдіру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, педагогикалық үдерістің тиімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.
Әдістемелік қызметінің негізгі міндеттері:
-педагогтардың өз жұмыс практикасына енгізуі мақсатында оларды білім берудің жаңа мазмұны, инновациялық білім және тәрбие беру технологиялары, озық отандық және шетелдік тәжірибе, психология және педагогика ғылымдарының жетістіктері туралы жедел ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
-диагностика негізінде педагогикалық қызметті жүйелі, жан-жақты зерделеу және талдау;
-барлық оқу сабақтарының әдістемесін жетілдіру, өткізу тиімділігін арттыру;
-оқытылатын пән саласындағы білімдерді жаңарту және жетілдіру;
-оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жаңа буын стандарттар талаптарына сай жетілдіру;
-ғылым мен техниканың қазіргі замаңғы жай-күйіне, педагогика, психология талаптарына жауап беретін пәндер бойынша оқу құралдары мен басқа да оқу-әдістемелік материалдарды дайындау және басып шығару;
-оқу үдерісіне бағдарламалық жасақтама, автоматтандырылған оқыту жүйлерін, сабақтарды ақпаратты қамтамасыз ету жүйелерін, ақпараттық-кітапханалық жүйелер әзірлеу және енгізу;
-педагогтың шығармашылық, әлеуетін арттыру, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіптік шеберлігін арттырудың қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру;
-озық педагогикалық тәжірибені айқындау, жалпылау және тарату;
-оқушылардың шығармашылық және өзіндік жұмысын жетілдіру.