^Back To Top
Қызылорда көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты халықаралық жоба аясында «Шерлі шежіре аманаты» атты халықаралық форумның бейбітшілік сабағы өткізілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың 2015 жылғы 4 қарашадағы №12 өкімімен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен Ел – Үлкен Отбасы» жалпыұлттық жобасы бойынша жасалған іс-шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес өткізілген бұл іс-шараға арнайы қонақтар қатысты:
Бейбітшілік сабағын колледж директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. А.Т.Үргенішбеков жүргізді. Өз сөзінде А.Т.Үргенішбеков жалпы Қазақстандағы тұнғыш репрессияның 1928 жылдан басталғанын, репрессияның алғашқы құрбандары қазақ зиялы өкілдері болғанын, олардың ату жазасына кесілгенін, көптеген адамдар нақақтан нақақ жауапқа тартылып, жалған айыппен қылмыс жасады деп сан мыңдаған қазақ сотталғанын студенттерге баяндап берді.
Сонымен қатар,бейбітшілік сабағын өтуге келген қонақтарстудент жастарғаПрезидентіміздің 1997 жылдың 5 сәуірдегібұйрығынан соң жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға тиіс екендіктерін, тарихын білу – әрбір адамға аманат екендігін түсіндірді.
Кездесу соңында студенттер бүгінгі күнді есте сақтап, ата-бабаларының өздері үшін, қазақ халқы үшін, қазақ мемлекеті үшін жасаған ерен еңбектерін әрқашан жадынан шығармайтынына сенім білдіретінін айтып, келген дәріс оқушы қонақтарға бүгінгі жастар біле бермейтін тарихи оқиғалармен таныстырғандары үшін алғыстарын білдірді.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |