^Back To Top
20.02.2020 ж. «Ақмешіт» колледжінде жастарды қолдаудың озық үлгісі, тың тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін қалалық жастар маслихаты сайлауы өтті. Сайлауға «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша 2-курс студенті Е.Жаңабай және «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының 2-курс студенті Кенжебайқызы Аружан кандидатураларын ұсынып, студенттерге сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, нәтижесінде басым дауыс жинаған белсенді, оқу озаты Е.Жаңабай жеңіске жетті.
Алдағы уақытта депутат мандатына ие болған Е.Жаңабай маслихат сессияларына қатысып, жастар арасындағы түйткілді мәселелерді шешуде өз үлестерін қосатын болады.