^Back To Top
24-28.02.2020 ж. аралығында «Кәсіби техникалық пәндер» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ел болашағы – білікті маман қолында» тақырыбында апталық өткізілді. Апталық барысында студенттер арасында түрлі сайыстар, бірлестікке қарасты үйірменің жарыстары, дәріс сабақтары, интеллектуалды ойындар сайысы, ашық сабақтар өткізілді.
Апталықтың алғашқы күні бірлестік жетекшісі А.Қ.Торының жетекшілігімен «Кітаптан ғаламтор озды ма?» атты пікірсайыс және Б.Тілемісова мен З.Алтынбайдың ұйымдастыруымен «Ветеринария» мамандығында білім алушыларға арналған «Мамандық таңдау маңызды шешім» тақырыбында сала мамандарымен кездесу өткізілді.
Осы күні Ф.Жетібайдың ұйымдастыруымен А.Құнанбаевтің 175 жылдығына сәйкес «Абай –дана, Абай-дара қазақта!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға № 6 кітапханадан қонақтар шақырылып кітап көрмесі қойылды.