^Back To Top
Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін!-деп, ақын Әбілда Тәжібаев жырлағандай тіл қай кезде болмасын қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы.
Мемлекеттік тілдің маңыздылығын студенттерге сезіндіре отырып, жастардың бойындағы шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 1 курс студенттері арасында эссе жазу байқауы өтті. Алдымен, ұлт мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлы туралы кең көлемде мәлімет берілді. Кейін студенттер қазақ тілінің тарихы мен болашағына қатысты ой бөлісті.
Жаңа оқу жылындағы алғашқы байқауда 1 орынды ТЭ-23о оқу тобының студенті Мүсілімов Рамазан иеленді. Жүлделі 2 орын НО-23о оқу тобының студенті Әбілғазы Анель мен ТЭ-23о оқу тобының студенті Алдаберген Толқынға бұйырды. 3 орын ЭС-23о оқу тобының студенті Нұрболатұлы Айдын, ЭС-23о оқу тобының студенті Кенжебек Айдана және НО-23о оқу тобының студенті Баеке Аякөзге бұйырды.